
20 ақпан 2026ж Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының Қазақ, орыс және латын тілдері кафедра В-ТФП-103 топ студенттері №1 жатақхана ауласында сенбілік өткізді. Студенттер аумақты тазалап, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Олар тазалық – денсаулық кепілі екенін түсініп, белсенділік танытты.
Сенбілік барысында аула тазарып, көркейе түсті. Студенттер ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, ортақ іске өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар жастарды еңбекқорлыққа, табиғатты қорғауға және тазалық сақтауға тәрбиелейді.