Войти
Басты бет Құрылымы Ғылыми кеңес
Құрылымы
Основная информация

Ғылыми кеңес

ОҚМА Ғылыми Кеңесі – академияның білім беру, ғылыми-зерттеу және емдеу қызметіне жалпы басшылық жасайтын және оның ең маңызды мәселелерін қарастыратын сайланбалы өкілетті орган.

Ғылыми Кеңес төрағасы - ОҚМА ректоры Сейтжанова Ж.С.

Ғылыми Кеңес хатшысы - фарм.ғ.к. Серикбаева А.Д.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 22.11.2007 ж. № 574 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарының Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережелеріне сәйкес ОҚМА Ғылыми Кеңесінің құзыретіне келесідей қызметтер енеді:

1. Жоғары оқу орнының құрылымын бекіту;

2. Жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

3. Жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, институттар (факультеттер және тағы басқалар);

4. Жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;

5. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі  мәселелерін шешу;

6. Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау;

7. Магистранттардың, докторанттардың  ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;

8. Жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

9. Бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ЖОО-да ақылы білім беру және өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау;

10. Атаулы стипендиялар мен сыйақыларды, ғылыми және құрметті атақтарды тағайындау және бекіту;

11. ЖОО-ның қызметкерлерін және шығармашылық ұжымын үкіметтік марапаттарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;

12. Алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

 

Ғылыми Кеңес мәжілістері әр айдың соңғы сәрсенбісінде ОҚМА-ның кіші мәжіліс залында өткізіледі.