Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Құрылымы Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы
Құрылымы
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
Сертификаттар

Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы

Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы

2024 жылғы 29 қарашада «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректорының №1410 бұйрығына сәйкес «Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы» (бұдан әрі – ҚжҚКББО) құрылды.


НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

 

Құзыреттілік және қосымша кәсіптік білім беру орталығында үш бөлім жұмыс істейді, олардың әрқайсысының өз мақсаты мен міндеттері бар. Төменде әр бөлімнің сипаттамалары келтірілген.


Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бөлімі

Денсаулық сақтау мамандарының қосымша және формальды емес білім беру бөлімі терапевтік, хирургиялық, педиатриялық, фармацевтикалық бағыттағы, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау кафедраларының базасында жұмыс істейді. Оқу сабақтары бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізіледі және сабақтарды штаттық профессорлық-оқытушылық құрам мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан құралған бірлескен оқытушылар өткізеді.

Орталықта жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар, ғылым кандидаттары мен докторлары ғылыми дәрежесіне ие, әлемнің жетекші университеттерінде оқып, тағылымдамадан өткен жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

·         Біліктілікті арттыру – негізгі мамандық шеңберінде кәсіби білім мен дағдыларды жаңарту және дамытуға бағытталған қосымша білім беру нысаны. Ұзақтығы: 2-ден 9 кредитке дейін (60–270 сағат).

·         Сертификаттау курс – негізгі мамандық аясында тар бағыт бойынша тереңдетілген оқыту. Ұзақтығы: 10 кредиттен бастап (300 сағаттан жоғары).

·         1 кредит = 30 академиялық сағат, 1 академиялық сағат = 50 минут.

·         Бейресми білім беру – семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтары және басқа да ғылыми-ақпараттық іс-шараларды қамтиды.

Бөлімнің мақсаты – Шымкент қаласы, Түркістан облысы және басқа өңірлердің медицина және фармацевтика мамандарына арналған біліктілікті арттыру, сертификаттау курстары, семинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын (оның ішінде қашықтықтан) ұйымдастыру. Оқыту кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

Негізгі міндеттері:

·         «ОҚМА» АҚ-ның сапа саласындағы саясатын жүзеге асыру;

·         сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) стандарттарын сақтау;

·         оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

·         оқытуға қатысатын кафедралардың жұмысын үйлестіру;

·         республикалық және коммерциялық бағдарламалар бойынша келісімшарттар жасау;

·         күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеу және бекіту;

·         медициналық ұйымдарды оқыту кестесі туралы хабардар ету.


ПОҚ-ның кәсіби біліктілігін арттыру бөлімі

Бөлімнің мақсаты – «ОҚМА» АҚ профессорлық-оқытушылық құрамына арналған біліктілікті арттыру, сертификаттау курстарын, семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтары мен тағылымдамаларды ұйымдастыру.

Негізгі міндеттері:

·         «ОҚМА» АҚ-ның сапа саясатын іске асыру;

·         сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) стандарттарын сақтау;

·         ПОҚ-қа арналған біліктілікті арттыру курстарын жоспарлау және ұйымдастыру;

·         сыртқы ұйымдармен келісімшарттар жасау;

·         біліктілікті арттыру жоспарын әзірлеу және бекіту;

·         кафедралар мен құрылымдық бөлімшелерді бекітілген жоспар туралы хабардар ету;

·         оқыту тиімділігін бақылау және алынған білімді тәжірибеге енгізу.


Білім беруді цифрлық қолдау және педагогикалық құзыреттілігін арттыру бөлімі

Бөлімнің мақсаты – оқу процесіне цифрлық технологияларды енгізу және оқытушылардың педагогикалық құзыреттілігін дамыту. Бөлім оқыту сапасы мен әдістемелік дайындықты арттыру мақсатында IT-технологияларды пайдалануға басымдық береді.

Негізгі міндеттері:

·         «ОҚМА» АҚ сапа саясатын және сапа менеджменті жүйесінің стандарттарын жүзеге асыру;

·         media.skma.edu.kz платформасындағы бейнематериалдарды (дәрістер, тәжірибелік сабақтар) жаңарту;

·         кафедраларға онлайн-курстар әзірлеуде көмек көрсету;

·         педагогикалық және кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған ашық онлайн-курстар бойынша ұсыныстар беру;

·         профессорлық-оқытушылық құрамның цифрлық сауаттылығын арттыру;

·         кафедралармен бірлесіп электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу;

·         педагогикалық дағдыларды дамытуға арналған курстар мен тренингтер ұйымдастыру;

·         өзекті талаптарға сай педагогикалық даму бағдарламаларын әзірлеу;

·         семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу үшін сарапшыларды тарту;

·         ПОҚ-тың педагогикалық құзыреттерін дамыту бойынша біліктілікті арттыру жоспарын бекіту және тарату.

Кенесова Кульжамила Жумановна
Кенесова Кульжамила Жумановна
Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы басшысы
Нұрмаханбетова Айша Еркінбекқызы
Нұрмаханбетова Айша Еркінбекқызы
Деканның орынбасары Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы басшысының орынбасары
Бегабат Ардақ Тоқмырзақызы
Бегабат Ардақ Тоқмырзақызы
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бөлімінің меңгерушісі
Ишанкулова Лаура Исакул кизи
Ишанкулова Лаура Исакул кизи
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бөлімінің әдіскері
Лесбек Сания Умирзакқызы
Лесбек Сания Умирзакқызы
Профессорлық- оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі
Байназарова Айгерим Рысбайқызы
Байназарова Айгерим Рысбайқызы
Профессорлық- оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін арттыру бөлімінің әдіскері
Наралиева Малика Айбекқызы
Наралиева Малика Айбекқызы
Білім берудегі цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі
Әбілда Дана Бекжігітқызы
Әбілда Дана Бекжігітқызы
Білім берудегі цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілігін арттыру бөлімінің әдіскері
Әділбеков Руслан Сайнұлы
Әділбеков Руслан Сайнұлы
Білім берудегі цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілігін арттыру бөлімінің бейнетүсірілім және бейнемонтаж бойынша маманы
  1. 12.01.2026–19.01.2026 аралығындағы «Білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  2.  
  3. 27.01.2025-29.01.2025 аралығындағы «Көп таңдаулы тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі»   тақырыбындағы 27 академиялық сағаттық базалық курсы
  4.  
  5. 30.01.2025-01.02.2025 аралығындағы «Көп таңдаулы тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі»   тақырыбындағы 27 академиялық сағаттық базалық курсы
  6.  
  7. 17.02.2025-19.02.2025 аралығындағы «ОҚМА қысқы ғылыми мектебі – 2025»  тақырыбындағы 18 академиялық сағаттық бағдарлама
  8.  
  9. 12.05.2025-17.05.2025 аралығындағы  «Зерттеуші және ғалым» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  10.  
  11. 19.05.2025-24.05.2025 аралығындағы «Тиімді оқытушы» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  12.  
  13. 26.05.2025-31.05.2025 аралығындағы «Тиімді оқытушы» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  14.  
  15. 09.06.2025-21.06.2025 аралығындағы «Медициналык білім беру негіздері: оқытушыларға арналган негізі куралдар» тақырыбындағы 120 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  16.  
  17. 09.06.2025-14.06.2025 аралығындағы «Тиімді оқытушы» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  18.  
  19. 09.06.2025-14.06.2025 аралығындағы «Case-based Learning білім беру стратегиясы ретінде» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  20.  
  21. 09.06.2025-14.06.2025 аралығындағы «Симуляцияны қолдана отырып оқыту технологияларын жетілдіру» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  22.  
  23. 10.06.2025-16.06.2025 аралығындағы «Кәсіби, көшбасшы және ұйымдастырушы» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  24.  
  25. 16.06.2025-21.06.2025 аралығындағы «Зерттеуші және ғалым» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  26.  
  27. 16.06.2025-21.06.2025 аралығындағы «Тиімді оқытушы» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  28.  
  29. 16.06.2025-21.06.2025 аралығындағы «Симуляцияны қолдана отырып оқыту технологияларын жетілдіру» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  30.  
  31. 17.06.2025-23.06.2025 аралығындағы «Кәсіби, көшбасшы және ұйымдастырушы» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  32.  
  33. 23.06.2025-28.06.2025 аралығындағы «Зерттеуші және ғалым» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  34.  
  35. 24.06.2025-30.06.2025 аралығындағы «Тәлімгерлік элементтері бар тиімді оқытушы»  тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  36.  
  37. 13.10.2025-22.10.2025 аралығындағы «Тәлімгерлік элементтері бар тиімді оқытушы»  тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  38.  
  39. 24.11.2025-03.12.2025 аралығындағы «Тәлімгерлік элементтері бар тиімді оқытушы»  тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  40.  
  41. 08.01.2025-17.01.2025 аралығындағы «Тәлімгерлік элементтері бар тиімді оқытушы»  тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  42.  
  43. 08.01.2025-17.01.2025 аралығындағы «Білім беру бағдарламасын әзірлеу» тақырыбындағы 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы
  44.  
  45.  
  46.