Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Құрылымы Клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор
Құрылымы
Негізгі ақпарат

Клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор

Клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор

Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы

Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор

Медицина ғылымдарының кандидаты (PhD докторы).

 

Екі өнертабысқа патенті бар, алпысқа жуық ғылыми жарияланымдардың авторы. Оның ішінде «Scopus», «Thomson Reuters» сыңды бірқатар халықаралық басылымдарда 10-нан астам ғылыми мақаласы жарық көрген.

2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

 2014 жылдың тамыз айында «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына ие болды. 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2017 жылы ел экономикасы мен жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін «Атамекен» ҰКП-ның ІІІ дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

2018 жылы халықаралық рейтингтік «Scopus» дерекқоры тарапынан әлемдік медициналық ғылыми қауымдастықта Қазақстаннан ең көп мақала жарияланған және ең жиі дәйексөз келтірілген авторлардың бірі ретінде марапатқа ие болды.

2018 жылы ғылым саласындағы жетістігі үшін мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.