Оқу клиникалық орталығы 2007 жылы құрылды. 2018 жылдың желтоқсан айында орталықтың аталуы Тәжірибелік дағдылар орталығы деп өзгертілді. Тәжірибелік дағдылар орталығы симуляциялық жабдықтар арқылы клиникалық дағдыларды игеруге, клиникалық біліктілікті дамыту, қамтамасыз ету және жақсартуға мүмкіндік беретін қауіпсіз білім беру ортасы болып келген ОҚМА құрылымдық бөлімшесі.
ТДО қызметінің мақсаты – білім алушыларды даярлау сапаны көтеру; денсаулық сақтау мамандарының қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін ұйымдық және оқу жағдайларын жасау.
ТДО-ның міндеттері:
• жаңа ұйымдастырушылық формалар, оқыту және бақылау әдістері негізінде оқыту сапасын жоғарылатуға бағытталға Орталықта тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру;
• жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз кәсіби білім беру бағдарламаларына сәйкес тәжірибелік дағдыларды дамытуда дәйектілік пен сабақтастықты қамтамасыз ету;
• техникалық құралдар (тренажерлар, манекендер, фантомдар және т.б.) қолдануымен студенттер, интерндер, резиденттер және дәрігерлерді тәжірибелік тұрғыдан дайындау оқу үрдісін әдістемелік құрылымдарды (сценарийлер, жағдайлар, медициналық көмек алгоритмдері) әзірлеуге кафедраларға көмек көрсету;
• симуляциялық жабдықтар қолдануымен оқыту әдістемесі мен ережелерге профессор-оқытушылар құрамын теориялық және практикалық оқытуды ұйымдастыру;
• Теориялық білімді игерудің инновациялық әдістерін интеграциялауға бағытталған, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды дамыту және нығайтуға бағытталған білім беру іс-шараларын (тренингтер, брифингтер, семинарлар) өткізу.
P66 Тренажёр для отработки навыков лечения пневмоторакса
P68A Тренажёр для отработки навыков люмбальной пункции
P72 Тренажёр для отработки навыков внутрисуставных инъекций в коленный сустав «ИНЖАРТ КОЛЕНО»
P960 Манекен симулятор младенца для отработки навыков аускультации ФОМОЧКА
P1060 Манекен аускультации сердца и легких ФОМА
P1099 Симулятор «Руслан» для отработки навыков про промывания желудка, дренирования двенадцатиперстн
P10001 Робот–пациент НАДЕЖДА с младенцем ИЛЮЩЕНКОЙ
P10420 Тренажёр для отработки навыков катетеризации мочевого пузыря «КАТ ПРОФИ»
P10500 Тренажёр для отработки навыков внутримышечных инъекций в ягодичную область «ИНМЭН»
2023 жыл 12 сәуірде Сарыағаш қаласының №16 И.В. Панфилов атындағы жалпы орта мектептің 11 сынып оқушылары Тәжірибелік дағдылар орталығының тәжірибелік сыныптарындағы анатомиялық үстел, манекендері және тренажерлерімен танысты
17.03.2023 жылы Жедел медициналық көмек көрсету бойынша «Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» атты тақырыпта кафедра аралық сайыс өткізілді
Қазақстан республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының басшысы Алексей Цой тәжірибелік дағдылар орталығында
2023 жылдың 28 ақпанында «ОҚМА» АҚ-да хирургия-2 кафедрасының ұжымы Медициналық академия басшылығының қолдауымен Тәжірибелік дағдылар орталығының (ТДО) базасында «Бірінші ЖОО ішілік Хирургиялық пәндер бойынша практикалық олимпиада» өткізілді
15.03.19 ж. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің келуі
28.01.19 ж. ТДО «НұрОтан» партиясының өкілдерінің келуі
ТДО Түркістан облысының тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарының келуі
317.01.19 ж. ТДО Пәкістаннан келген қонақтардың келуі
30.11.18 ж. ТДО Қытайдан келген қонақтардың келуі
21.11.2018ж. «Наш Пирогов» компаниясының өкілі Гвоздков Вадим инструктаж өткізіп, мұғалімдерге жұмыс істеу үшін интерактивті үстел дайындау, оның мүмкіндіктері мен операциялық жүйесінің элементтері туралы таныстырды.
Қараша айында клиникалық кафедралардың жаңадан келген мұғалімдеріне «K – Simulator» және «LSAT» аускультациялық симуляторлардың жұмысына нұсқаулық өткізілді.
2018 жылдың 14 қазанында ««Стандартталған пациент» әдіснамасын ОҚМА оқу үрдісіне енгізу» оқыту семинары өткізілді.
2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттері ТДО сыныптарымен таныстырылды.
ТДО клиникалық жағдайларды шынайы деңгейге, дағдылар алгоритмін автоматизм деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары-технологиялық компьютерленген роботами-симуляторларымен, соның ішінде «iStan», «BabySim», «LapSim» виртуалды симуляторы, және де басқа муляждар мен тренажерлармен жабдықталған.
«Пирогов» интерактивті үстелі
«Пирогов» интерактивті үстелі - бұл студенттер мен дәрігерлердің топографиялық анатомия, патологиялық анатомия, хирургия, офтальмология, стоматология, аутоарингология және басқа жаратылыстану - ғылыми пәндердің оқытылу логикасын құрастырылуына мүмкіндік беретін интерактивті оқу бағдарламасы.
Бағдарламалық өнімді пайдалану анатомиялық материалмен көрнекі таныстырудан және алынған нәтижелерді автоматты түрде өңдеудің сапасын тексеру үшін мәтіндік ақпаратты алудан толық жаттығу циклін құруға мүмкіндік береді.
«iSTAN» робот-симуляторы
«iSTAN»робот – симуляторы - бірқатар параметрлері бойынша әлемде теңдесі жоқ, жоғары деңгейлі заманауи симулятордың бірі. Адамның дәл көшірмесіндей бола отырып, ол шұғыл медицина, токсикология, реаниматология және хирургиялық патологиялар емінде, шұғыл күттірмейтін жағдайлар терапиясы мен ішкі аурулар клиникасындағы тәжірибелік дағдыларды пысықтауға және білім мен клиникалық ойлау қабілетін дамытуға арналған симулятор.
«BabySIM» робот-симуляторы
«BabySIM» робот – симуляторы алты айлық нәрестенің жоғары технологиялық компьютерленген моделі болып табылады. Робот автоматты түрде нәрестеге тән жүрек өкпелі, метаболикалық, неврологиялық және басқада физиологиялық реакцияларды дәрігер манипуляциясына және дәрілердін енгізуіне сезімтал әрекетін көрсетеді. Роботтың жоғары шынайлығы оқу мен тәжірибенің арасындағы кемістігін азайттады, неонатологиядағы науқас балаға қауіп қатерсіз емідік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
«К+», «LSAT» аускультативті симулятор
«К+» симулятордың кардиологиялық нұсқасы:
Симулятор шынайы клиникалық аспаптарды қолдануымен манекендегі аускультация нүктелерінде жүректі тыңдау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Симулятор артериялар пульсін, жүрек түрткісін пальпация жасау арқылы зерттеуге де арналған.
«LSAT» өкпе аускультациясы нұсқасы:
Симулятор өкпені тыңдау дағдыларына игеруге мүмкіндік береді.
Стоматология
Стоматология бөлмесі тісті металлокерамикалық коронкаға егеу, тісті винирге егеу, жақтан екі қабатты қалып алу, мандибулярлы жансыздандыру жасау, периостотомия отасын жүргізу, тіс жұлу отасын жүргізу, торусалді анестезия жүргізу, егелген тістің ретракциясын орындау, уақытша (провизорлы) коронкаларды жасау, коронканы егелген тіске фиксациялау сияқты дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін мобильді стоматологиялық тренажері және ТС-У.02 стоматологиялық тренажерлерімен жабдықталған.
Терапия №1
Терапия №1 бөлмесінде жүрек аускультациясы, жүрек-өкпе реанимациясы, іш пальпациясы, лимфа түйіндерін пальпациялау, артериалды қан қысымын өлшеу сияқты дағдыларды игеруге арналған тренажерлермен қамтылған.
Терапия №2
Терапия №2 бөлмесінде жүрек аускультациясы, өкпе аускультациясы жүрек-өкпе реанимациясы, іш пальпациясы, ЭКГ қою және түсіру, физикалық қарау сияқты дағдыларды игеруге арналған тренажерлермен қамтылған.
Қалыпты, топографиялық, патологиялық анатомия және радиологияны оқу сыныбы
Қалыпты, топографиялық, патологиялық анатомия және радиологияны оқу сыныбы адамның қалыпты, топографиялық, патологиялық және сәулелік анатомиясын игеруге мүмкіндік береді.
Жалпы тәжірибелі дәрігер №1
Жалпы тәжірибелі дәрігер №1 бөлмесінде робот-тренажер 30-дан астам физиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл жағдайларды имитациялауға қабілетті пациентті бейнелейді. Мысалы, анафилактикалық шок, жедел миокард инфарктісі, пневмония немесе әртүрлі дәрежедегі қан кету. Науқастарға дұрыс диагноз қою және тиісті терапияны тағайындау мен емдеудің кез-келген кезеңін: хирургиялық емдеу, дәрілік терапияны жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жалпы тәжірибелі дәрігер №2
Жалпы тәжірибелі дәрігер №2 бөлмесінде балалардағы өкпе және жүрек аускультациясы дағдыларын, ересектердегі және балалардағы жүрек-өкпе реанимациясы, жарақат алған науқасқа көмек көрсетуге арналған тренажерлармен қамтылған.
Дебрифинг бөлмесі
Симуляциялық технологиялармен оқыту әдістерін пайдалана отырып өтілетін ашық сабақтардың талқылануы өтілетін дебрифинг бөлмесі интерактивті панельмен қамтылған.
Жедел медициналық көмек
Жедел медициналық көмек бөлмесі балалардағы және ересектердегі кеңейтілген ЖӨР, базалық ЖӨР, коникотомия жүргізу, трахеостомия жүргізу, асқазан жуу, катетеризация жасау, науқасқа күтім көрсету, Геймлих әдісін қолдану, қан қысымын өлшеу, интубация жасау дағдыларын игеруге арналған тренажерлермен қамтылған.
Хирургия №1
Хирургия №1 бөлмесі абдоминалды хирургия және оториноларингологияға, офтольмологияға қажетті тренажерлермен қамтылған.
Хирургия №2
Хирургия №2 бөлмесі абдоминалды хирургия және травматологияға қажетті тренажерлермен қамтылған.
Хирургия №3
Хирургия №3 бөлмесі лапароскопиялық хирургияда жеңіл жаттықтырушы жаттығулардан күрделі операцияларға дейінгі қажетті тренажерлермен қамтылған.
Педиатрия
Педиатрия бөлмесі дамыған америкалық Baby Sim робот тренажері мен антропометрия жүргізу, шала туылған бала күтімі, балалардағы өкпе және жүрек аускультациясы, балалардағы ЖӨР, катетеризация жүргізу, жасанды тамақтандыру, балалардағы асқазан жуу, экг қою, шина қою, тік ішекті қарау, клизма жасауға арналған тренажерлермен және небулайзер пайдалану, глюкозометрия, пиклоуметрия, қан тобын анықтау жабдықтарымен қамтылған.
Акушерия
Акушерия бөлмесінде қалыпты және патологиялық босануды жүргізу және жаңа туылған нәрестенің физиологиялық бақылау, егіз жүктілікті бақылау, жатыр мойнының патологиялық жағдайларын көру, Леапольд әдісін жүргізуге арналған тренажерлермен және ұрықтың даму кезеңдерінің және жамбас моделдерімен қамтылған.
Гинекология
Гинекология бөлмесінде қалыпты және патологиялық босануды жүргізу, егіз жүктілікті бақылау, гинекологиялық креслода жатыр мойнының патологиялық жағдайларын көру, сүт бездерін пальпациялау, жатырішілік спиральды енгізу, қанаптан, жатыр мойнынан, цервикальды каналдан жағынды алу, эпизиотомия және перинеотомия жасанды түсік тастау, артқы күмбезден пункция алу, тігіс салу, Леапольд әдісін жүргізуге арналған тренажерлермен және ұрықтың даму кезеңдерінің, жамбас және баланы босану механизмінің моделдерімен қамтылған.
Клиникаға кіріспе
Клиникаға кіріспе бөлмесінде катетеризация жасау, асқазан жуу, клизма жасау, бұлшықетішілік және тамырішілік иньекциялар жүргізу, артериальды қан қысымын өлшеу, ересек науқасты қарау, жүрек, өкпе реанимациясы, ойық жарасына күтім жүргізу дағдыларына арналған тренажерлермен қамтылған.
Жұқпалы аурулар және дерматовенерологияны оқыту
Класс для изучения инфекционных болезней и дерматовенерологии укомплектован тренажерами для навыков проведения люмбальной пункции, промывания желудка, внутрикожной иньекции, взятия мазка из носа и зева.
Фтизиопульмонология және радиологияны оқыту
Фтизиопульмонология және радиологияны оқыту бөлмесі плевральды пункция жасау, иньекция енгізу, люмбальды пункция жүргізу дағдыларын игеруге арналған тренажерлермен қамтылған.