Академияның сапа менеджменті жүйесі білім беру қызметінің сапасын ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес тұрақты арттыруға, оқу үдерісін үздіксіз жетілдіріп, ұдайы жақсартуға және білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жүйе академия қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, сапа мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылардың, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.