Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Құрылымы Мансап бөлімі
Құрылымы
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер

Мансап бөлімі

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректорының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №154ө бұйрығымен Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты қайта ұйымдастырылып, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Мансап бөлімі құрылды.
Мансап бөлімі Академия білім алушылары мен түлектерінің кәсіби және мансаптық дамуына, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға және табысты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бағытында қызмет жүзеге асырады. Бөлім жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді және түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг пен талдау жүргізеді.

Біздің мақсатымыз: білім алушылар мен түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің және олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырудың тиімді жүйесін қалыптастыру, кәсіби және мансаптық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ «ОҚМА» АҚ-ның жұмыс берушілермен және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара байланысын нығайту.

Негізгі міндеттері:
- «ОҚМА» АҚ білім алушылары мен түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу;
- жұмыс берушілермен және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
- бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, мансап күндерін, жұмыс берушілермен кездесулер мен таныстырылымдарды ұйымдастыру және өткізу;
- жұмысқа орналасу және мансаптық даму мәселелері бойынша жеке және топтық консультациялар өткізу;
- түлектерді дербес бөлу және міндетті жұмыспен өтеу міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;
- бос жұмыс орындары және денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларға қажеттілігі туралы ақпаратты жинау және жүйелеу;
- жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу және олардың түлектерді даярлау сапасына қанағаттанушылығын талдау;
- түлектердің сұранысқа ие болуы мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Түлектерді жұмысқа орналастыру
Мансап бөлімі білім берудің барлық деңгейлері бойынша түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді, жұмыс іздеуге және әлеуетті жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.

2. Мансаптық даму
Білім алушылар мен түлектер үшін мансаптық консультациялар, жұмыс берушілермен кездесулер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, мансап күндері және кәсіби әрі мансаптық құзыреттерді дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

3. Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл
Бөлім денсаулық сақтау ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен, сондай-ақ басқа да жұмыс берушілермен мамандарды даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытады.

4. Бөлу және міндетті жұмыспен өтеу
Бөлім түлектерді дербес бөлу, міндетті жұмыспен өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу, қажетті құжаттарды ұсыну және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мәселелер бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

5. Мониторинг және талдау
Түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізіледі, мамандардың сұранысқа ие болуы мен денсаулық сақтау ұйымдарының кадрларға қажеттілігі талданады, сондай-ақ жұмыс берушілердің түлектерді даярлау сапасы туралы пікірлері зерделенеді.

Байланыс

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1/1, бас ғимарат, 2-қабат, 210 бөлме
E-mail: c.career@skma.edu.kz
Жұмыс уақыты: Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:00 Түскі үзіліс: 13:00–14:00
Юнусметов Элдор Шавкатович
Юнусметов Элдор Шавкатович
бөлім меңгерушісі
Абдурахманова Динара Фарходовна
Абдурахманова Динара Фарходовна
менеджер
Сраил Мерей Смаилқызы
Сраил Мерей Смаилқызы
менеджер
Сарсенбек Зарина Бақытжанқызы
Сарсенбек Зарина Бақытжанқызы
менеджер