Баспасөз қызметі «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ОҚМА» АҚ) өндірістік қажеттілігіне байланысты 2025 жылдың 01 сәуірінен бастап өз алдына құрылымдық қызмет болып ашылды. Баспасөз қызметі «ОҚМА» АҚ-нда өткізіліп жатқан халықаралық, республикалық және қалалық іс-шараларды (семинар, конференция) оқу орнының ресми сайтында (https://new.skma.edu.kz/kz) және әлеуметтік желілерінде жариялап отырады. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орната отырып, «ОҚМА» АҚ-нда өткізілетін халықаралық, республикалық және қалалық іс-шараларды (семинар, конференция), профессор-оқытушылар құрамының, білім алушылардың жетістіктерін жариялаумен айналысады.