Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Құрылымы Ғылыми клиника-диагностикалық зертханасы
Құрылымы
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
Қызмет бағыттары

Ғылыми клиника-диагностикалық зертханасы

Тарихы

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында ОҚМФА №113 оқу клиникалық-зертханалық орталығын (КБО) клиникалық-диагностикалық зертханаға (КДЛ) оқу клиникалық-симмуляциялық орталығына (УКСО) бөлу туралы бұйрық негізінде клиникалық-диагностикалық зертхана құрылды.


20.09.2010 жылы Клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ) ашылды. Зертхана меңгерушісі қызметін Пацаева Ләйлә Анафияевна атқарды. КДЗ төрт оқу-клиникалық зертханалардан тұрады:
-морфологиялық;
-гигиеналық;
-биохимиялық;
-физиологиялық.


Оқу-клиникалық зертхананың жалпы ауданы 333,2 ш.м., ауданы 290,9 ш.м. құрайды. Зертхана бас ғимараттың бірінші қабатының сол қанатында орналасқан, 11 кабинет, екі шығу (негізгі және қосалқы) бар. Зертханада аралас жарықтандыру жүйесі бар: табиғи – терезе саңылаулары есебінен, жасанды – төбелік флуоресцентті шамдар мен жұмыс орнында жарық ағынын қалыптастыратын жергілікті жарықтандыру есебінен. ҚР №5.03.014-2006 «ЖОО оқу және ғылыми зертханалары» талабына сай. Бұл зертханалар бакалавр, интерн,резиденттер және тыңдаушыларға (бірінші реттік және кәсібі даму) оқу барысында толық мүмкіншіліктерімен пайдалынуда. Әр зертхана заманауи құрал-жабдықтармен, зертханалық жиһазбен, қажетті реактивтер мен медициналық инвентарларымен толығымен жабдықталып,студенттерге, интерндерге және тыңдаушыларға бекітілген оқу кестесімен тәжірибелік дәріс алуларына мүмкіншіліктер жасалған.Сонымен қатар семинарлар құралды анықтау әдістері тақырыбында және ашық сабақтар бар құрал-жабдықтарды пайдаланып өткізіледі.

2013 жылы 13 желтоқсанда №0012397DX «зертханалық қызмет» лицензиясы алынды, ол бүкіл зертханалық талдау әдістерінің қадамдарын толығымен тәжірібе жүзінде кеңінен таралған вакутейнерді, атоматты дозаторларды, заманауи автоматты анализаторларды (гематологиялық, биохимиялық және ИФА) пайдалана отырып, көрсетуге мүмкіншіліктер бар.


2018 жылы 06.04. № 0111250DX Академия мәртебесінің өзгеруіне байланысты жаңартылды. "South clinical & Genetic laboratory" геномдық зерттеулер ғылыми-зерттеу зертханасы мен клиникалық-диагностикалық зертхананы біріктіру жолымен ОҚМА АҚ ректорының 11.03.2021 жылғы № 18Ө бұйрығымен құрылды. Зертханалардың жалпы ауданы 576,3 ш.м. құрайды, ОҚМА бас корпусының бірінші қабатының сол қанатында орналасқан, 14 кабинет, үш кіру және шығу (негізгі, қосалқы және пациенттер үшін-көше жағынан) бар. Барлық қол жетімді зертханалар ғылыми және клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған. Зертхана құрамында бірқатар арнайы бөлімшелер бар: биохимиялық, гематологиялық, клиникалық, ИФТ және ПТР-диагностика, цитогенетика. Зертхананың зерттеулердің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымы бар. 2010-2023ж.ж зертхана меңгерушісі Бейсебаева Ляззат Мухтаровна қызметін атқарды. Бастапқы кезеңде ұсынылатын қызметтер спектрін анықтау - халық үшін зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, серологиялық, иммуноферменттік талдаулар жүргізу, полимеразды тізбекті реакция), мемлекеттік тапсырыстарды орындалуда.


Келесі кезеңде-даму әдістердің ерекшеліктеріне және практикалық және ғылыми міндеттердің ерекшелігіне сәйкес зертханада зертхана қызметінің негізгі бағыттары: басым ғылыми бағыттардың бірі ретінде биохимиялық, цитогенетикалық және молекулалық-генетикалық зерттеулер ұйымдастырылды.

Байланыс

Мекен-жайы: Шымкент қ. Әл-Фараби алаңы 1. Бас ғимарат, 1-қабат, сол жақ қанат, «Ассистентская-2» кабинеті
e-mail: oksanayurikova@mail.ru
тел 87715100893
Юрикова Оксана Юрьевна
Юрикова Оксана Юрьевна
Зертхана меңгерушісі
Құлбаева Б.Ж
Құлбаева Б.Ж
Жетекші ғылыми қызметкер
Әжібаева-Купенова Д.Т
Әжібаева-Купенова Д.Т
Ғылыми қызметкер
Дүйсенова А.М
Дүйсенова А.М
Ғылыми қызметкер
Мамырова С.А
Мамырова С.А
Ғылыми қызметкер
Үсенбек Д.П
Үсенбек Д.П
Зертханалық іс бойынша жетекші маман
Сейсенбаева С.А
Сейсенбаева С.А
Аға зертханашы
Жандарова М.У.
Жандарова М.У.
Тазалықшы

South Clinical & Genetic Laboratory (SC&GL) – молекулалық диагностика, клиникалық зерттеулер және биомедициналық технологияларды біріктіретін заманауи ғылыми-клиникалық-диагностикалық зертхана. Зертхана молекулалық биология, генетика және биохимия салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге маманданған.

Зертхананың негізгі қызмет бағыттары:
• молекулалық-генетикалық зерттеулер;
• ПТР-диагностика және нуклеин қышқылдарын талдау;
• клиникалық және биохимиялық зерттеулер;
• иммунологиялық және ИФА әдістері;
• PBMC және биологиялық үлгілермен жұмыс;
• биобанкинг және биоматериалдарды сақтау;
• биомедицина, жұқпалы аурулар, онкология және молекулалық диагностика салаларындағы ғылыми зерттеулер;
• биологиялық деректерді in silico талдау;
• студенттер мен зертханалық диагностика мамандарын оқыту;
• халықаралық конференциялар мен олимпиадаларға қатысу.

 

ИФА жүргізу

 

ИФА арқылы жұқпалы ауруларды диагностикалау тақырыбы бойынша ФПК тыңдаушылары

 

Зертхана қызметкерлері Грузин-Американ университетінің профессоры Ирина Сахелашвилимен өткен оқыту семинарына қатысуда

 

2026 жылғы 27 ақпанда Семей медициналық университеті базасында өткен «Іргелі ғылымдар және тұрақты даму: XXI ғасырдың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты конференция

 

Зертхананың ғылыми қызметкері Мамырова Сәуле ғылыми іссапар аясында Өзбекстан Республикасы ҒА Ботаника институтының Ұлттық гербарийінде (Ташкент, Өзбекстан)

 

2026 жылғы 23–25 сәуір аралығында Қарағанды қаласында Қарағанды медициналық университеті базасында студент-медиктер арасында академиялық жетістіктерді, ғылыми ынтымақтастықты, мәдени алмасуды және спорттық рухты насихаттауға бағытталған MEDCON 2026 халықаралық іс-шарасы («Халықаралық студенттік медициналық марафон») өтті