1«Докторантура және магистратура бөлімі» «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура» басқармасында «Ғылыми жұмыстар, докторантура және магистратура» секторы жұмыс атқарды, 2023 жылғы 5 қыркүйектен бастап «Докторантура және магистратура секторы» болып өзгертілді, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап «Докторантура және магистратура бөлімі» болып құрылды.
«ОҚМА» АҚ «Докторантура және магистратура бөлімі» магистратура мен PhD докторантураның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын ұйымдастырады және іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бөлім білім алушыларды қабылдау сәтінен бастап диссертацияны қорғағанға дейін оларға толық әкімшілік және академиялық қолдау көрсетеді.
Негізгі міндеттері:
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
• магистратура және PhD докторантура бағдарламаларының білім алушыларын қабылдау, ресімдеу және сүйемелдеу;
• заманауи білім беру және ғылыми технологияларды енгізуге жәрдемдесу, ғылыми-зерттеу және клиникалық қызметті қамтамасыз ету, ғылымды дамыту;
• оқу жоспарларының, оқу кестелерінің, аттестациялардың орындалуын бақылау;
• ғылыми жетекшілермен және кафедралармен өзара іс-қимыл;
• білім алушылардың ғылыми жарияланымдарын, тағылымдамаларын және зерттеулерін есепке алу және мониторинг жүргізу.