Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисі «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректорының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі №65 «Штаттық кестеге өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» бұйрығымен құрылды.
Оның негізгі мақсаты – бизнес-идеяларды қолдау және ілгерілету инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру болып табылады.
Офис Академияның қызметкерлері мен білім алушылары жүзеге асыратын ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар және стартаптарды іске асыру барысында техникалық қолдау көрсету және кеңес беру қызметін атқарады. Ол ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға ықпал етіп, бизнес-инкубаторлармен және технопарктермен ынтымақтастық орнатады, сондай-ақ жобаларды басқару, ілгерілету және іске асыру бойынша әдістемелік көмек ұсынады. Сонымен қатар жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми дағдыларын дамытуға бағытталған семинарлар мен бағдарламаларды ұйымдастырады.