Компьютерлік тестілеу және баспахана орталығы (КТБО) жанынан 01.10.2025ж №157-ө бұйрығымен "Киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау" маманы ашылды.
Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
Ақпараттық қауіпсіздік — академияның барлық деректерін, ақпараттық жүйелерін, серверлерін және желілік инфрақұрылымын қорғауға бағытталған маңызды сала. Оның негізгі мақсаты — ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі деректердің келесі қауіп-қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етеді:
рұқсатсыз қолжетімділіктен;
жоғалудан;
әдейі немесе кездейсоқ өзгертілуден;
жойылудан.
Сонымен қатар ақпараттық ресурстарды пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және алдын алу шараларын іске асыруды қамтиды.
Бұл бағыттағы барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына толық сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы № 94-V (2013 ж.)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000094
«Ақпараттандыру туралы» Заңы (24 қараша 2015 жыл, № 418-V)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000418
Академияда қолданылатын барлық деректер қорын, серверлерді, ақпараттық жүйелерді және желілік инфрақұрылымды келесі қауіптерден қорғау қамтамасыз етіледі:
кибершабуылдардан;
зиянды бағдарламалардан;
рұқсатсыз қолжетімділіктен;
техникалық ақаулардан.
Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік саясаты енгізіліп, ол тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Студенттер мен қызметкерлердің дербес деректерінің құпиялылығын сақтау — ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі басым бағыттарының бірі.
Осы бағытта келесі жұмыстар атқарылады:
дербес деректердің заңсыз таралуына жол бермеу;
мәліметтердің өзгертілуі немесе жойылуының алдын алу;
жеке деректерді қорғау талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Академияның ақпараттық жүйелері мен желілерінің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі оқу үдерісі мен әкімшілік қызметтің тиімділігін арттырады.
Осы мақсатта:
жүйелерге тұрақты мониторинг жүргізіледі;
деректердің резервтік көшірмесі жасалады;
ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету шаралары жүзеге асырылады.
Шымкент қалалық білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы №05-3-05-4/7931-И хатына сәйкес, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, 1–15 желтоқсан аралығында өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойынын ұйымдастыруды жоспарлаған болатын.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды қаржылық алаяқтықтың түрлі схемаларынан хабардар ету, соның ішінде қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық гигиена сияқты маңызды тақырыптар бойынша білімдерін арттыру. Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойыны өткізіліп, студенттер қаржылық қауіпсіздік дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алды.