Ректорат - "ОҚМА"АҚ білім беру, клиникалық, ғылыми-зерттеу және әкімшілік-шаруашылық қызметінің ағымдағы мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін алқалы жедел-кеңесші орган.
Ректорат құрамына "ОҚМА"АҚ ректоры, проректорлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Ректорат мүшелерінің өкілеттіктері қызметтен босатылуына байланысты автоматты түрде тоқтатылады.
Ректорат құрамы "ОҚМА" АҚ ректорының бұйрығымен бекітіледі. "ОҚМА" АҚ ректоры Ректораттың төрағасы болып табылады, ректорат қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады.
Күн тәртібі, хаттамаларды жүргізу және ресімдеу мәселелері бойынша отырыстар мен материалдарды дайындауды ұйымдастыруды ректорат хатшысы қамтамасыз етеді.
РЕКТОРАТТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Ректораттың негізгі міндеті – «ОҚМА» АҚ Даму бағдарламасын іске асыру бойынша ағымдағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру және негізгі қызмет түрлерін қамтамасыз ету, ректордың және басқа да «ОҚМА» АҚ корпоративтік және алқалы басқару органдарының құзыретіне қатысты мәселелерді алдын ала зерделеу және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ректораттың құзыретіне келесідей сұрақтар кіреді:
1) "ОҚМА" АҚ қызметін дамыту бағдарламасының орындалу мониторингі;
2) "ОҚМА"АҚ құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы жұмыс жоспарларын орындау мәселелерін қарау;
3) тұтастай алғанда "ОҚМА" АҚ және оның құрылымдық бөлімшелерін дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды және қабылдауды ұйымдастыру;
5) оқу процесін ұйымдастырудың және оны оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің ағымдағы сұрақтарын қарау;
6) "ОҚМА" АҚ клиникалық қызметін ұйымдастыру мәселелерін қарау;
7) "ОҚМА" АҚ академиялық қызметті жедел басқару сұрақтарын қарау;
8)"ОҚМА" АҚ ғылыми-зерттеу қызметін, оның ішінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарау;
9) "ОҚМА" АҚ тәрбие жұмысының сұрақтарын қарау;
10) "ОҚМА" АҚ шаруашылық жұмысын ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтарын қарау;
11) халықаралық ынтымақтастықтың ағымдағы сұрақтарын қарау;
12) Жарғыға сәйкес Ректораттың құзыретіне жатқызылған басқа да сұрақтар бойынша шешімдер әзірлеу;
13) педагогикалық, ғылыми-зерттеу және өзге де қызмет салаларында үздік нәтижелерге қол жеткізген "ОҚМА" АҚ қызметкерлерін құрметті атақтарға және мемлекеттік және ведомстволық көтермелеудің өзге де түрлеріне ұсыну туралы мәселелерді қарайды.