Войти
Басты бет Академия жаңалықтары 25-қазан Республика күніне ора...
24 қазан 2025
8
0
0

25-қазан Республика күніне орай үстел теннисінен жарыс

23-қазан ОҚМА спорт залында Республика күніне орай білім алушылар арасында Үстел теннисінен жарыс өтті.Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәріміз мәлім. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болатыны белгілі. Халқымызда “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Ұлы ойшыл Ибн Сина: «Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек» деген болатын.  
Қазіргі таңда үстел теннисі елімізде өте кең тараған ойындардың қатарына еніп отыр. Біздің академияда үстел теннисіне әуесқойлар көп болды. 28 ойыншы тартысты бәсекеде бақ сынасты.
Жарыс соңында жеңімпаздар орталық басшысының  алғыс хаттарымен марапатталды.


Ұлдар арасында:
I-орын  Қонысов Бекзат  С-ОСҚ 11.01.25
ΙI-орын  Баратов Жавохир  ВМ-МҚА-08-23
ΙIΙ-орын Бастарбек Ақарыс  ВМ-МҚА-07-25


Қыздар арасында:
I-орын  Турсункулова Дияна  В-ПҚА-01-22
ΙI-орын Райымбек Әсел ВМ-МҚБ-07-25
ΙIΙ-орын Жиенбек Әйгерім  ВМ-МҚА-07-25

Пікірлер орны (0)