Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Абу али инб Сино атындағы Тәжі...
26 ақпан 2026
1
0
0

Абу али инб Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық барысы

2026 жылдың 09 ақпан - 23 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі, PhD., қауымдастырылған профессор Кемельбеков Канатжан Сауханбекұлы және ассистент Сабуров Алишер Раджапбайұлы Тәжікстан Республикасындағы Абу Али ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің медицина факультетінің «Балалар аурулары №1» кафедрасында «Балалар аурулары» пәні бойынша дәрістік және тәжірибелік сабақтарды жүргізді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты: мемлекет аралық академиялық өзара ынтымақтастықты нығайту, дәрігерлік кәсіби тәжірибелерді өзара бөлісу, педиатр мамандарын дайындаудағы білім беру сапасын арттыру болып табылады.
Оқытудың заманауи белсенді технологиялары мен тәсілдерін қолдану тәжірибелерімен бөлісе отырып, аталған медициналық жоғары оқу орнының білім алушылары мен профессор оқытушы құрамының қызығушылықтарын арттырды.

Пікірлер орны (0)