
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Адал болу – адамдықтың белгісі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесуді Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы кіріспе сөзбен ашып берді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері, қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін зияны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, заң талаптары мен жауапкершілік түрлері айтылып, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі талқыланды. Кездесу барысында адалдық, әділдік және жауапкершілік – әрбір азаматтың басты құндылықтары екені ерекше атап өтілді. Аталған іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды кездесу болды.