
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден – бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс – шаралар қолданылып, атқарылатын жұмыс аз емес. Осыған орай 2025 жылы 9 желтоқсан күні қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипованың ұйымдастыруымен «Адал қызмет, биікке баспалдақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің мүшесі Асан Жазира Тілеубергенқызы, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы Бахтияр Самал және ВМ-МА-14-25, ВМ-СО-10-25 тобының 1 курс білім алушылары қатысты. Мамандар парасаттылық, адалдық, мемлекеттік қызметтегі этика, жемқорлықтың зардабы туралы мазмұнды ақпараттар берді. Қатысушылар өздерін ойландырып жүрген, көкейде жүрген ойларымен бөлісті және сұрақтарына жауап алды.