Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Әдістемелік семинар: «Жасанды...
16 мамыр 2025
4
0
0

Әдістемелік семинар: «Жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану»

2024–2025 оқу жылындағы Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жоспары бойынша « «Жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, жасанды интеллект (ЖИ) платформалары мен қосымшаларын оқу үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу. Іс-шараға кафедра оқытушылары, оқу-әдістемелік орталық әдістемелік бөлім меңгерушісі Рашева Бахыт Муратовна қатысты.
Семинар бағдарламасы аясында келесі баяндамалар ұсынылды:
1. Иванова М.Б – Оценка эффективности применения цифровых платформ, приложений и инструментов ИИ в процессе формирования исследовательских и профессиональных компетенций у обучающихся медицинского университета при реализации технологии проектного обучения
2. Бердиева М.А – Runway платформасын арқылы ЖИ көмегімен медициналық бейне процестерді жасауда пайдалану
3. Иманбаева М.А – Білім берудегі жасанды интеллект: NoteGPT құралын пайдалану тиімділігі
4. Абдрахманова Ж.Ж – Білім алушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруда ақпараттық технологияның маңыздылығы
5. Байділдаева А.С – Интеграциялық сабақтардың көмегімен математиканы оқытудың тиімділігін арттыру
Семинар барысында жасанды интеллектті қолдану арқылы оқу материалдарын жетілдіру, дидактикалық әдістерді жаңғырту, студенттердің белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ЖИ құралдарын өз пәндерінде қолданудың нақты тәсілдерін қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ЖИ көмегімен оқу үдерісін оңтайландыру бағытында жаңа білім мен практикалық дағдылар алды.

Пікірлер орны (0)