Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Алтын Орда брендін Қазақстанме...
13 мамыр 2025
12
0
0

Алтын Орда брендін Қазақстанмен тығыз байланыста ілгерілету

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова тәрбие жоспары негізінде «Алтын Орда брендін Қазақстанмен тығыз байланыста ілгерілету» тапсырмасы аясында, 1 курс «Стоматология» БББ, В-СТҚаб-03-24 тобының білім алушыларымен Қазақстан тарихы сабағында «Алтын орда тарихы» атты фильмді тамашалап, талқылады.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: «Алтын Орда брендін Қазақстанмен тығыз байланыста ілгерілету» іс-шарасы елімізде Алтын Орда тарихын таныту, оның мәдени мұрасын сақтау және қайта жаңғырту, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің Қазақстан тарихындағы маңызын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Шараның негізгі міндеттері:
1. Алтын Орда дәуірінің мәдени, тарихи маңызын ұрпақ санасында қайта жаңғырту;
2. Қазақстанның Алтын Ордаға қатысты зерттеу жұмыстары мен мұраларын халықаралық деңгейде таныстыру;
3. Қазақстанның мәдени мұрасын әлемге таныту арқылы туристік әлеуетті арттыру;
4. Алтын Орда кезеңінің тарихи тұлғалары мен оқиғаларын кеңінен насихаттау.
Алтын Орданың тарихы қазір­гі Қазақ мемлекеттілігінің жыл­нама­сымен тығыз байланысты. Әйгілі Жошы хан кесенесі мен Сарайшық қаласының Қазақ­стан аумағында орналасуы және шетел мұрағаттарынан көптеген жазба деректің табылуы – осының айқын дәлелі. Шын мәнінде, Алтын Орда­ның тарихы әлі де терең зерттеуді қажет етеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Алтын Орда бренді Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде халықаралық деңгейде танылуына үлкен үлес қосқанын атап өту керек. Бұл шара Қазақстанның тарихына тереңірек үңілуге, Алтын Орда кезеңінің маңызын түсінуге және оны әлемге танытуға ықпал етті. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл іс-шараның жалғасын тауып, Қазақстанның тарихын, мәдениетін және Алтын Орда бренді мен мұрасын насихаттауда маңызды қадам болғанын атап өтті.
Білім алушылар «Алтын орда тарихы» атты бейне фильмін тамашалап болған соң, өздірінің пікірлерімен бөлісіп, фильмнен алған әсерлерін қызу талқылады.

Пікірлер орны (0)