
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары атақты жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Бейімбет Майлиннің - 130 жылдығына орай, «Әңгіменің хас шебері» атты тәлімгерлік сағатын өткізді. Оқытушылар білім алушыларға қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған Бейімбет Майлиннің шығармашылық жолы мен өмірі жайлы сонымен қатар қазақ прозасындағы шоқтығы биік туындыларының бірі «Шұғаның белгісі» повесі жайында бейнебаян көрсетілді. Білім алушылар шығармадағы махаббаттың асқақтығы мен өмірдің қатал шындығын көркемдік тұрғыдан тереңінен түсінді.