Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының Phd докторы Ж.О.Нуржанбаева мен аға оқытушысы А.А.Беккулова 2 курс «Медицина» БББ білім алушыларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ақ халаттағы батырлар» атты деректі бейнефильм көрсетілді.
Мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету, олардың Отан алдындағы жанқиярлық еңбектерін насихаттау, патриоттық сана мен тарихи жадыны қалыптастыру болып табылады.
Шара барысында студенттер соғыс жылдарындағы оқиғалармен тереңірек танысып, бейнефильм арқылы майдан даласындағы ауыр жағдай мен жауынгерлердің ерлік жолын көріп, үлкен әсер алды. Бейнефильмде архивтік материалдар мен куәгерлердің естеліктері пайдаланылып, көрермендерге тарихи шындықты сезіндіре білді.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында елін, жерін сүюге, бабалар ерлігін құрметтеуге деген рухани сезімін оятуға бағытталды. Сонымен қатар, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге және тарихтан сабақ алуға мүмкіндік берді.