Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Aqyl Battle CUP-2025» Республ...
22 мамыр 2025
11
0
0

«Aqyl Battle CUP-2025» Республикалық зияткерлік сайысының жеңімпаздары

21.05.25ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының магистр-оқытушысы А.Ә.Мырзазия 1 курс «Фармация» БББ білім алушыларымен Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ұйымдастырылған «Aqyl Battle CUP-2025» Республикалық зияткерлік сайысына қатысты.

Мақсаты – Қазақстан жастарының білімге деген құштарлығын арттырып, заманауи қоғамдағы белсенді рөлін айқындап, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашу және де қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту. Ойын форматы жастар арасында трендке айналған зияткерлік мәдениетті қолдап, білімге қызығушылықты күшейтуді мақсат етеді.
«Aqyl Battle CUP-2025» - елімізде ең танымал зияткерлік сайыстардың бірі болып табылады. Бұл сайыс студенттердің логикалық ойлау қабілетін, білім деңгейін және тапқырлығын сынайтын маңызды алаң ретінде өтті. Республикалық деңгейдегі шарада түрлі жоғары оқу орындарының үздік командалары бас қосып, білім бәйгесінде бақ сынасты.
Сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін жан-жақты көрсетті. Зияткерлік тартыс тек жарыс қана емес, сонымен қатар, студенттер үшін тәжірибе алмасу мен ой-өрісті кеңейтуге бағытталған мазмұнды шара болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін дәстүрлі " Aqyl Battle CUP-2025» КТР Республикалық зияткерлік сайысының аймақтық іріктеу кезеңінде бесекеге қабілетті, білім мен ғылымғы құштар жастардың арасында белсенділік танытып, қатысқандығы үшін Мырзазия А.Ә. мен студенттеріміз Алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Пікірлер орны (0)