Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Ардагерге құрмет – елге құрме...
8 мамыр 2025
8
0
0

«Ардагерге құрмет – елге құрмет» және «Сарбазға хат» шығармашылық байқауы

2025 жылғы 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) мен 9 мамыр (Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы) мерекелік күндеріне орай 1-курс студенттері арасында «Ардагерге құрмет – елге құрмет» және «Сарбазға хат» патриоттық тақырыптарында шығармашылық байқау өткізілді.
Аталған акциялар студенттер арасында үлкен қызығушылық пен белсенділік туғызып, олардың Отанға және әскери қызметшілерге деген құрметін арттырып, патриоттық рухты нығайтуға ықпал етті.
Іс-шара барысында әр топ өздері әзірлеген бейнемазмұндарын ұсынып, актерлік шеберлік, сценарий жазу және бейнемонтаж жасау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Байқау аясында ұсынылған бейнефильмдерде медициналық қызметтің маңызы, ардагерлерге деген құрмет пен бейбіт өмірдің қадірі секілді маңызды тақырыптар кеңінен қамтылды.
ВМ-МКА-05-24 және ВМ-МКБ-05-24 топтары белсенділік танытып, үздік деп танылды. Жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Шара мазмұны мен тәрбиелік мәні тұрғысынан ерекшеленіп, жас ұрпақтың бойында Отанға, тарихқа және аға буын өкілдеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Пікірлер орны (0)