
Астана күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Конституция және ұлттық құндылықтар – ел болашағының негізі" тақырыбында "дөңгелек үстел" ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының астанасының тарихи маңызын насихаттау, жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық құндылықтарды дәріптеу. “Дөңгелек үстелге” академияның профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Жиын барысында қатысушылар Астананың ел дамуындағы рөлі, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, елорданың тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолындағы стратегиялық маңызы мен халықаралық беделі жайында баяндамалар жасалды. Кездесу барысында жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау және елдің дамуына үлес қосудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.