Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Білім алушылардың бойында sof...
21 қараша 2025
1
0
0

«Білім алушылардың бойында soft skills (жұмсақ) дағдыларын қалыптастырудың инновациялық әдістері»

2025 жылдың 20 қарашасында  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруларымен  «Білім алушылардың бойында 
Soft skills (жұмсақ)  дағдыларын қалыптастырудың инновациялық әдістері атты семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – білім алушылардың коммуникативтік, креативтік, сыни ойлау, командалық жұмыс, эмоционалдық интеллект және өзін-өзі басқару сияқты негізгі soft skills (жұмсақ) дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи, тиімді және инновациялық педагогикалық технологияларды меңгерту, сондай-ақ оларды оқу үдерісінде нәтижелі қолдану бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының  аға оқытушысы Мырзазия А.М «Білім алушылардың бойында soft skills  дағдыларын қалыптастырудың инновациялық әдістері» , «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы  Бұрхан Е.Ж «Колаборативті оқыту топтық жұмыс көшбасшылық пен жауапкершілік қалыптастыру» білім алушылардың жас ерекшеліктері мен  жеке дара ерекшеліктеріне сай білім беруде softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізудің негізгі бағыттары айтылды.
Семинар жұмысында softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізуді жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру жұмыстар өткізілді

Пікірлер орны (0)