Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Бір күн -мың жылдық сауап»
28 қараша 2025
1
0
0

«Бір күн -мың жылдық сауап»

2025-2026 оқу жылында шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 27.11.2025 күні ВМ-МҚАБ-08-25, ФӨТҚБ-02-25 топтары Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №6 балалар   арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына  (Алпысбаев көшесі 125Б) студенттер ағаш отырғызды. 
Ағаш отырғызу - табиғатты қорғау мен оны көркейтуге бағытталған ең маңызды экологиялық шаралардың бірі. Ағаштар ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөледі, топырақты бекітеді, көлеңке мен таза орта қалыптастырады. Сол себепті олар адам өмірінің сапасын жақсартады және экожүйенің тұрақтылығын сақтауға үлкен үлес қосады.
Сенбіліктерде ағаш отырғызудың мақсаты: қоршаған ортаны көгалдандырудың тиімді жолы, адамдарды табиғатты қорғауға тәрбиелейді, ұжымдық жұмысты күшейтеді, қаланың экологиялық жағдайын жақсартады.
Ағаш отырғызу - тек табиғатты көркейту емес, ол болашақ ұрпаққа жасалатын маңызды экологиялық мұра. Бір тал отырғызу - табиғатқа тіршілік сыйлау, қоршаған ортаға жасалған үлкен игі іс. 1 курс студенттері мен шет тілдері кафедрасының ұжымы ағаш отырғызуға белсене қатысып, өздерінің қамқорлығын көрсетті. Шет тілдері кафедрасының ұжымы барша студенттерге ризашылығын білдірді!

Пікірлер орны (0)