
2025 жылғы 13 желтоқсанда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Тілдік пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Бейбітшілік және Әділет елі: Біз отанды жырлаймыз» атты республикалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. ЖМ-МПІО-02-25 тобының 1 курс студенті Бакишева Лашын Гүлнара Әліпованың "Менің Қазақстаным" өлеңін шын жүректен орындай отырып, біздің Академиямызды абыроймен таныстырды.
Мәнерлеп берудің, патриотизм мен әртістіктің терең сезімінің арқасында Лашын байқауда жеңіске жетіп, республикамыздың 6 ЖОО атынан қатысқан 55 үміткердің арасында 2-ші орынды иеленді. Студентті дайындаумен Г. К. Жұмағұлова айналысты. Бакишева Лашынды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!
