16 ақпаннан бастап ОҚМА дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының бастамасымен, ОҚМА-ның басшылығының қолдауымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу орнына фарм.ғ.д.,, профессор БММУ, фармация факультетінің деканы, Уфа қ., Ресей. Кудашкина Наталья Владимировна арнайы іссапармен келді.
Фармакогнозия, ботаника және табиғи дәрілік қосылыстар химиясы пәндері бойынша дәрістер оқу, практикалық сабақтар және СӨЖ жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, Наталья Владимировна "Фармация" білім беру бағдарламасының оқытушыларына, магистранттарына және докторанттарына дәрілік заттарды зерттеу саласында Фитохимия және ғылыми зерттеулер бойынша оқыту семинарларын өткізеді.
Профессордың сапары достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және біздің ЖОО-стратегиялық әріптестеріміздің өзара тиімді ынтымақтастығына қызмет етеді деп үміттенеміз.