
Мен акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, PhD, full professor Кулбаева Салтанат Нәлібекқызы Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан King’s College London оқу орнында “Денсаулық сақтау” мамандығы бойынша білімімді жалғастырудамын.
Республика күні қарсаңында біз, яғни шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер, туған елімізге деген алғысымыз бен сүйіспеншілігімізді білдіреміз.
«Болашақ» және академиялық алмасу бағдарламалары арқылы әлемнің түрлі елдерінде білім алып жүрген жастар бір мақсатта — Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу үшін еңбек етуде.
#RepublicDayBolashak акциясы аясында біз Республика күнін насихаттап, ел тәуелсіздігі мен бірлігінің мәнін әлемге жеткізуді мақсат еттік.
Тәуелсіз Қазақстан — әрқайсымыздың мақтанышымыз!