
2025 жылғы 25 қазанда Шымкент қаласында «Қызғалдақ» салтанат сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі өтті. Мемлекеттік марапатты Шымкент қаласының әкімі — Ғабит Әбдімәжітұлы Сыздықбеков табыс етті.
Сол күні жоғары марапатқа ие болғандардың қатарында фармакология кафедрасының доценті Абуова Гүлнара Тұрғанбайқызы да бар. Ол көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және медициналық білім мен қоғамдық өмірді дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.