
В-ФҚБ-01-23 тобының білім алушылары «Фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару» кафедрасында «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» пәні бойынша дуалды оқытуды ТОО Ak Niet Group базасында өтті.ьБағдарлама аясында білім алушылар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру үдерістерімен танысып, дәрілік заттарды қабылдау және есепке алу тәртібін меңгерді, сондай-ақ дәріхана желісінде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алды. Дуалды оқыту олардың кәсіби дайындығын нығайтып, қажетті құзыреттердің қалыптасуына ықпал етті.тАлынған білім мен дағдылар білім алушыларға фармацевтикалық ұйымдардың нақты жұмыс ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. ТОО Ak Niet Group компаниясымен ынтымақтастық практикаға бағытталған оқытудың сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді.
