Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Фармация Ісін Ұйымдастыру Және...
5 желтоқсан 2025
1
0
0

Фармация Ісін Ұйымдастыру Және Басқару Кафедрасындағы Академиялық Ұтқырлық Туралы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 24 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасына С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ФҰБЭжҚФ кафедрасының PhD — Аширов М.З. келді.
Академиялық ұтқырлық барысында ФАФЭН, МФТ, ФБЭ-1, ФБЭ-2, ФМК, КДФЭН, ФММ, ФҚҰН, ФММН пәндері бойынша дәрістер, практикалық және өзіндік сабақтар өткізілді. Сабақтар «Фармация» БББ 2, 3, 4 және 5 курс білім алушыларына өткізілді, олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және теориялық білімін тереңдетуге баса назар аударылды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы ОҚМА мен ҚазҰМУ арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ фармацевтикалық саладағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)