
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті жанындағы Нелюбин атындағы Фармация институты фармакология кафедрасының профессоры Самородов Александр Владимирович іссапармен келді.
Сапар бағдарламасы аясында эксперименттік және клиникалық фармакологияны дамыту, фармацевтикалық білім берудің заманауи стандарттарын енгізу, дәлелді медицинаны оқу үдерісіне ықпалдастыру және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.
