Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ғылыми зерттеулерді дамыту мәс...
25 ақпан 2026
1
0
0

Ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды

2026 жылғы 17 ақпанда «Medicine of the Future – 2035» стратегиялық пікірталас алаңы мен форсайт-сессиясы өтті. Іс-шараны «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология» кафедрасы ұйымдастырды. Аталған іс-шара 2025–2027 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласындағы ғылымды дамыту жөніндегі Жол картасында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында өткізілді. Бұл міндеттер инновациялық технологияларды дамытуға, ғылыми-технологиялық құзыреттерді күшейтуге және саланың стратегиялық басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Форсайт-сессия жұмысына ғылым жөніндегі проректор Аукенов Нұрлан Ерденұлы, сондай-ақ ғылыми бөлім мен коммерцияландыру офисінің өкілдері қатысты. Бұл ғылым, білім және практикалық денсаулық сақтауды интеграциялаудың, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді клиникалық және экономикалық тәжірибеге енгізудің стратегиялық маңыздылығын айқындады. Іс-шара барысында 2035 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары, саланың заманауи сын-қатерлері мен стратегиялық басымдықтары, инновациялық медициналық технологияларды енгізу, медициналық ұйымдарды цифрлық трансформациялау, медициналық білім беруді жаңғырту және ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды. Сессия кәсіби диалог жүргізуге, стратегиялық бағдарларды айқындауға және болашақ медицина моделін қалыптастыру жолында күш-жігерді біріктіруге арналған тиімді алаңға айналды.

Пікірлер орны (0)