Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Халықаралық деңгейде қол жеткі...
16 қаңтар 2026
1
0
0

Халықаралық деңгейде қол жеткізілген жетістіктер айтылды

«ОҚМА» АҚ-ның ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аукенов Нұрлан Ерденұлымен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми-практикалық конференцияларда үздік нәтиже көрсеткен студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының меңгерушісі Бекмурзаева Эльмира Қуанышқызы және осы кафедраның ассистенті Рысбекова Гауһар Асанқызы қатысты.
Кездесу барысында студенттердің Бұхара, Ташкент, Самарқанд қалаларында (Өзбекстан Республикасы), Луганск қаласында (Ресей Федерациясы) өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда қол жеткізген жетістіктері атап өтілді.
Халықаралық деңгейде жеңіп алынған жүлделі орындар мен берілген атаулы номинациялар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы білім алушыларының дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай жетістіктер студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерінің бірлескен, жүйелі еңбегінің, университет тарапынан көрсетілген жан-жақты қолдаудың нәтижесі екені ерекше айтылды.

Пікірлер орны (0)