
2026 жылғы 10–13 ақпан аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына халықаралық ғылыми ынтымақтастық бағдарламасы аясында профессор Tomasz Bączek (Польша) жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында профессор Tomasz Bączek ғылыми жобаларды басқару және академиялық жазу бойынша семинарлар өткізіп, ғылыми қызметті дамыту және гранттық портфельді қалыптастыруға арналған стратегиялық сессиялар ұйымдастырды, сондай-ақ зерттеушілер мен докторанттарға жеке консультациялар берді. Сапардың негізгі нәтижелері ретінде құрылымдалған жарияланымдық стратегия әзірленіп, ғылыми қызметті мониторингтеу жүйесі енгізілді, гранттық өтінімдерді дайындау тетіктері күшейтіліп, 2026 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық бағыттары кеңейтілді. Бұл сапар ЮКМА-ның ғылыми әлеуетін нығайтуға және оның халықаралық ғылыми интеграциясын одан әрі дамытуға елеулі үлес қосты.