Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы...
8 мамыр 2025
4
0
0

«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!»

7 мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесіне орай «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының білім алушылары С-Фқ 11.01.24 тобы Жеңіс саябағындағы «Ерлік» музейіне барды. Музейде білім алушылар Ауған соғыс ардегерлері, Ұлы Отан соғыс ардагерлері, Таулы Қарабақ ардагерлері, Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметпен соғыс ардагерлерінің фотосуреттерімен танысты.
Қазіргі таңда «Ерлік» музейі 60-қа жуық жаңа дерекпен толыққан. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін қастерлеу- кейінгі буынның парызы. Сұрапыл соғыс жылдары майданда кеуделерін от пен оққа тосып, ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп, еске алу парызымыз.

Пікірлер орны (0)