«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің бітіруші оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — мектеп бітіруші түлектерге еліміздегі жоғары білім беру жүйесі, мамандық таңдау ерекшеліктері және медицина саласындағы болашақ мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат беру, олардың кәсіби бағытын анықтауға жәрдемдесу болды.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева ОҚМА тарихы және білім беру бағдарламаларын таныстырды. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың маңыздылығы мен болашағы туралы мазмұнды ақпараттар берді. Оқушылардың сұрақтарына толық жауап беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Кафедра ұжымы алдағы уақытта да осындай кездесулерді дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Нәтижесінде болашақ түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие медициналық мамандықтарға деген қызығушылықтары арта түсті.