Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Кітап – сарқылмас рухани қазын...
12 қараша 2025
5
0
0

Кітап – сарқылмас рухани қазына

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты іс-шараны «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында С-МІҚ-09.02-25 тобының студенттерімен бірге Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханаға барды. Студенттер кітап көрмелерімен танысып, өзіне ұнаған кітаптарын үйге алып кетті. Кітап – адам жанының азығы, ақыл мен парасаттың бастауы. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында біз жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеміз. Әрбір оқылған кітап – жаңа ой, жаңа әлем, жаңа мүмкіндік. Кітаппен дос болайық, себебі рухани байлықтың кілті – оқуда!

Пікірлер орны (0)