2025 жылдың 12 қараша айында Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен алтын күздің әсем сазымен, сары жапырақтың сыбдырымен келген «Күз аруы-2025» байқауы өткізілді. Алтын күз - нәзіктік пен инабаттың, парасат пен өнердің, сұлулық пен сырдың мерекесі, жомарттықтың, пісіп-жетілген шақтың символы. Студенттердің эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамыту, өнер мен сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Іс-шараның негізгі мақсаты - күз мезгілінің сұлулығын өнер арқылы таныту. Қыз балалардың тапқырлығын, сән талғамын және шеберлігін анықтау. Ұжымдық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту. Табиғаттың сұлулығын, байлығын паш ететін мезгіл - Күз. Сондықтан да бұл байқау - тек сұлулық сайысы ғана емес. Бұл - ақыл мен алғырлықтың, өнер мен тәрбиенің тоғысқан тұсы! Әрбір қатысушы күздің сұлулығын бейнелеп, күздей сұлу, күзгі табиғаттай сылдыр қаққан, бояуы қанық, жан дүниесі жомарт, сәнді аруларымыздың өнерін тамашалау. Әр қыз – бір гүл, әр ару – бір әлем.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: таныстыру кезеңі, өз өнерін көрсету, күзгі сән көрсетілімі (defile), күзгі тағам. Байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар мен көрермендер көтеріңкі көңіл күйде болды. Іс-шара студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырып, сұлулық пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятты.