
«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында білім алушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті базасында өткен дуальды сабаққа қатысты.
Сабақ «Фармацевтикалық қызметтердің құқықтық негіздері мен іс қағаз жүргізу» пәні аясында B-ФҚБ-01-21 тобының білім алушыларының қатысуымен өтті.
Дуальды оқыту барысында білім алушылар департаменттің құрылымымен және қызмет бағыттарымен, фармацевтикалық саланы реттеудің нормативтік-құқықтық аспектілерімен, сондай-ақ дәрілік заттардың сапасын бақылау мен лицензиялау рәсімдерімен танысты.
Сабақтың практикалық бөлігі фармацевтикалық ұйымдардағы құжат айналымының ерекшеліктерін және ресми құжаттарды жүргізу тәртібін зерделеуге арналды.
Мұндай дуальды сабақтар болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын нығайтып, фармацевтикалық іс саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
