Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Медициналық білім саласы бойын...
23 желтоқсан 2025
1
0
0

Медициналық білім саласы бойынша кәсіптік білім беру мекемелеріндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту

23.12.25 жылы Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Медициналық білім саласы бойынша кәсіптік білім беру мекемелеріндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту» - халықаралық тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Мақсаты: Медициналық білім беру саласындағы кәсіптік білім беру мекемелері арасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, озық халықаралық тәжірибелермен алмасу, білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ медицина кадрларын даярлаудағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау.
Халықаралық тәжірибелік конференцияға Қытай Халық Республикасының Сианьян кәсіптік-техникалық колледжінің профессорлары, Анкара қаласындағы Гази университетінің ғалымдары, облыстық, қалалық ауруханалардың бас дәрігерлері мен профессор оқытушылар құрамы қатысты.
Конференцияда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә. Мырзазия «Білім алушылардың бойында soft skills (жұмсақ) дағдыларын қалыптастырудың инновациялық әдістері» атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамада білім алушылардың коммуникативтік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау және кәсіби бейімделу дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістер қарастырылды, сондай-ақ көптеген тәжірибелік дағдылар ұсынылды.
Конференция қорытындысы бойынша кафедраның аға оқытушысы Мырзазия Ақбаян Әлішқызы Алғыс хатпен марапатталды.

Пікірлер орны (0)