«4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздері күні» мерекесіне орай «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы оқытушылары М.У.Турадилов пен А.А.Беккулованың ұйымдастыруымен 2 курс «Медицина» БББ білім алушыларына «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел мақсаты — ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жакты түсіндіру арқылы студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.
Студенттерге Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері жайлы бейнеролик көрсеттілді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның айырықша белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Студенттер мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран туралы баяндамаларын қорғады.
Шара соңында студент жастарымыз тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, егемендігіміздің нышандарына деген құрметтерін айтып, патритоттық сезімдерін білдірді.