Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Менің елім - Қазақстан
24 қазан 2025
6
0
0

Менің елім - Қазақстан

25 қазан-Республика күні. Қазақстан үшін айрықша тарихи күн. Бұл күн-ел тәуелсіздігінің іргетасы қаланған, халықтың азаттық рухы мен елдіктің бірлігін айшықтайтын күн.
Осы мерекеге орай ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған « Менің елім-Қазақстан» атты мерекелік іс - шара өткізілді. Мерекелік жиынның шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Колледжіміздің белсенді білім алушыларының қатысуымен арнайы дайындалған концерттік бағдарлама қойылып, мереке күнінің шығу тарихы жайында видио роликтер көрсетілді. Білім алушылар әуеленген әндерімен, аспапта ойнау өнерлерімен таңғалдыртып  іс – шараны «Атамекен» әнімен аяқтады.

Пікірлер орны (0)