.jpg)
6 қараша 2025 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова В-ФО-02-25 тобының білім алушыларымен «Менің жетістігім- менің мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Топ білім алушысы Игнат Стрельников Ақтау қаласында, Чито-рю каратэден өткен Республикалық чемпионатқа қатысып қайтты. Жарыс қортындысында Игнат 600 спортшының арасынан қола жүлдені жеңіп алды. Ол өзінің топтастарымен жарыс барысындағы бұл спорт түрімен қай кезден бастап айналысып бастағаны және өзі қатысқан жарыстардағы қызықты сәттерімен бөлісті, өзінің өзге де жетістіктері жайында әңгімелеп берді. Бұл спорт стильі дәстүрлі каратэмен қатар заманауи спорттық каратэ ретінде кең таралғанын айтты.
Игнат жарайсың! Біз саған жеңісті күндерің көп болсын деп тілейміз. Әрдайым жетістікке жете бер. Әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіс сенікі болсын- деген тілектер айтылды.
