Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Мерейдің бәсі биік болды
12 қараша 2025
4
0
0

Мерейдің бәсі биік болды

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Jastar ruhy» Shymkent ҚҚ ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты жастардың отансүйгіштік рухын көтеру, ел тарихы мен Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу болды.
Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, егемен еліміздің жетістіктерін, тарихы мен жарқын болашағына деген патриоттық сезімдерін әсерлі жеткізе білді.
Жеңімпаздар қатарынан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттік ректоры Асқар Мерей Еламанқызы да табылды. Ол «Үздік шығарма» номинациясы бойынша ІІ орын иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Мерейге шығармашылық табыс тілейміз! Жеңісіңіз құтты болсын!

Пікірлер орны (0)