Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Мұқтаж Отбасыларды Қолдауға Ар...
31 желтоқсан 2025
1
0
0

Мұқтаж Отбасыларды Қолдауға Арналған Қайырымдылық Акциясы

2025 жылдың 30 желтоқсан күні ОҚМА әкімшілігінің бастамасымен өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға атаулы қолдау көрсетілді. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін «Добряки Шымкента» еріктілер қозғалысы ұсынды. Бұл бастама академияның әлеуметтік жауапкершілігі мен қоғамды қолдауға үлес қосуға деген ұмтылысының көрінісі болды.
Академия әкімшілігі «Добряки Шымкента» еріктілер қозғалысына, ұйым басшысы Рашитова Наргиза Ирискуловнаға қайырымдылық көмегін ұйымдастыруға қосқан үлесі және ынтымақтастығы үшін, сондай-ақ акцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіреді.
ОҚМА әкімшілігі қызметкерлер мен білім алушыларды мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамытуға жеке үлес қоса отырып, осындай бастамаларды қолдауға шақырады.

Пікірлер орны (0)