
2025 жылдың 13-қараша күні ОҚМА АҚ «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының ассистенті Б.М.Байдуллаевтың жетекшілігімен жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-9 сынып ер балаларына 5 курс білім алушылары: Нуртуллаев Б., Дадамуратов С., қыз балаларына Абдурасилова Я., Мустафаева Г. «Жыныстық даму және гигиена» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, Б.М.Байдуллаевтың жетекшілігімен 2025 жылдың 21-қараша күні Иргашева С., Мадикаримова Д. 10-11 сынып қыздарына «Ерте жүктіліктің алдын алу» , ер балаларға Мирахматов С., Исмаилов Ш. «Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар» тақырыбында дәрістер оқыды. Дәріс барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
