30.04.25ж. күні А. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапханасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Ибраимова және 1 курс «Фармация» БББ студенттерінің қатысуымен «Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі» атты сазды әуенді кеш өткізілді.
Мақсаты: композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық қаһарманы, дәулескер күйші, «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрдің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Сазды әуенді кеште Ернұр әлеуметтік комплекстік оқу орталығының домбырашылар үйірмесі, Ж.Омарова атындағы №1 Балалар Саз мектебінің оқушылары, М.Әуезов атындағы ОҚУ және ОҚМА 1 курс білім алушылары мен ұстаздары композитордың туындыларын орындап көрермендерді тәнті етті. Кеш барысында Н.Тілендиевтің өмірбаянына қатысты естеліктер, шығармалар жинағы жайлы кітап көрмесі ұйымдастырылады.