Войти
Басты бет Академия жаңалықтары "Оңтүстік Қазақстан медицина а...
5 желтоқсан 2025
1
0
0

"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ білім беру қызметтерінің жоғарғы сапасы ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігімен расталды

2025 жылдың 17 және 18 қараша күндері «Business Expert Group KZ» ЖШС «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның білім беру қызметтеріне «ISO 9001:2015. Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» халықаралық стандартына сәйкес инспекциялық аудит жүргізді. Аудит нәтижелері бойынша «G-CERTI» халықаралық сертификаттау органының (Оңтүстік Корея) лицензиясы негізінде «ОҚМА» АҚ-да медицина жəне фармация саласында жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық жəне кəсіби, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру үрдісін əзірлеу жəне жүргізу, медицина жəне фармация саласында қосымша білім (біліктілікті арттыру, бейресми білім беру) беру, клиникалық жұмыс, ғылыми-зерттеу қызметтері ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі жөнінде 2024 жылы берілген сертификат расталып, жаңартылды.

Пікірлер орны (0)